Accessibility links

Президент Обама Ауғанстанда 5 сағат болып қайтты


АҚШ президенті Барак Обаманың Ауғанстанға сапары 5 сағатқа жуық жалғасып, Франс-Пресс агенттігінің атап көрсетуінше, қатаң қауіпсіздік шарасы қабылданды.

Алдын-ала хабарланбаған сапарының барысында Барак Обама ауған президенті Хамид Қарзаймен келіссөз өткізіп, Баграм әуе базасында АҚШ әскерилерімен кездесті.

Х.Карзайға айтқан сөзінде Б.Обама ауған үкіметі қол жеткізген жетістіктер америкалықтарды үміттендіреді деп мәлімдеді. Сонымен бірге ол ресми Кабулдың жемқорлыққа және есірткі саудасына қарсы күресін күшейтуге тиіс екенін атап көрсетті.

2 мыңға жуық АҚШ әскери қызметкерінің алдында сөйлеген сөзінде Б.Обама «Әл-Қаида» мен «Талибан» қозғалыстарына қарсы соғыста жеңіске жетеміз деген сенімін білдірді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG