Accessibility links

Ресей мен Тәжікстан әуе қатынасы қайта жалғасты


Ресей мен Тәжікстанның арасындағы демалыс күндері үзілген әуе қатынасы қалпына келтірілді. Ресейдің Көлік министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, дүйсенбі күні барлық ұшақ кестеге сай қатынайды.

Әуе қатынасының қалпына келгенін Тәжікстан үкіметі де растады.

Өткен жексенбі күні Мәскеуден Душанбе мен Кулябқа және Худжандқа қатынайтын 3 ұшақ ұшпай қалды. Оған себеп: Тәжікстан авиациясының басшылығы Ресей жағымен әуе қатынасының «жазғы кестесін» келіспеген көрінеді.
XS
SM
MD
LG