Accessibility links

Қазақ оппозициясы «Алға» партиясына араша түсті


Қазақстанның оппозициялық партиялары – Коммунистік және Жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиялары – ресми тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловқа шығарылған сот үкімін бұзуды талап етіп ресми билікке мәлімдеме жолдады.

Өткен жұмада В.Козлов «ҚазАтомӨнеркәсібі» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің 14 жылға сотталуына қарсы рұқсат етілмеген ереуіл өткізгені үшін әкімшілік соттың шешімімен 10 тәулікке абақтыға кесілді.

Оның үзеңгілестері сот шешімінде «саяси астары бар» деп есептейді.

«Азат» партиясының басшылығы мәлімдегендей, В.Козловтың тұтқындалуы елдегі саяси режимнің қуғын саясатының күшейгенін айғақтайды.
XS
SM
MD
LG