Accessibility links

Мәскеу метросында қаза болғандар анықталуда


Мәскеуде метросындағы 2 жарылыстан қаза болғандардың аты-жөндері анықталу үстінде. Соңғы мәліметке сәйкес, 22 кісінің мәйіті анықталды.

Соңғы дерек бойынша, 2 жарылыстан 38 адам қаза болып, 65 кісі жарақаттармен ауруханаларға жеткізілді.

Жарылыстар дүйсенбі күні таңертең «Лубянка» және «Парк культуры» бекеттеріндегі поездарда болды.

Федералдық қауіпсіздік қызметінің ақпары бойынша, қастандықтарды жанпидашыл-әйелдер іске асырды. Қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, осы екі әйелді метроның кіреберісіне дейін шығарып салған тағы 2 әйелге іздеу жарияланды.

Сейсенбі - Мәскеуде қаза тапқандарды аза тұту күні болып жарияланды. Ресей үкіметі қаза болғандардың отбасыларына 318 мың рубльден, жапа шеккендерге 50-ден 100 мың рубльге дейін өтемақы төлейді.

Оларға Мәскеу үкіметі де материалдық көмек беретін болды.
XS
SM
MD
LG