Accessibility links

Желтоқсандықтар парламентке 3 үндеу жолдады


Бүгін Астанада 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқандардың тобы парламент ғимаратының алдында өздерін ақтау туралы алдыңғы екі үндеуіне жауап беруді талап еткен шеру өткізді.

Олардың мәлімдеуінше, өткен желтоқсаны мен биылғы қаңтар айында өздерін ақтау туралы екі үндеу жолдаған, бірақ біріне де әлі жауап алмаған.

Шеруге шыққандарды мәжіліс депутаты Нұртай Сабилянов қабалдады. Алайда желтоқсандықтардың айтуынша, олар өздерінің үндеулеріне бүгін де жауап ала алмады. Сол себепті олар өздерінің соңғы үндеуін парламенттің кеңсесіне тапсыруға мәжбүр болды.
XS
SM
MD
LG