Accessibility links

Мұхтар Әблязов БТА банкке қарсы сотта жеңіске жетті


2010 жылдың 24 наурызында Британдық Виргин аралдарының Жоғарғы соты «БТА банк» акционерлік қоғамының Мұхтар Әблязовқа қарсы шағымын қарауды тоқтатты және істің қаралуын қамтамасыз ету үшін М.Әблязовтың активтерін тұтқындау туралы сот шешімінің күшін жойды. Бұл туралы наурыздың 30-күні хабарланды.

Осыған байланысты М.Әблязов «БТА банктің шағымында саяси астар болғандықтан, ол шағымның ешқандай заңдық салдары болмайтынына менің әу бастан ешқандай күдігім болған жоқ. Менің есептеуімше, бұл жерде банк Қазақстандағы саяси режимнің қолшоқпары болды...», - деп мәлімдеді.

Жоғарғы соттың шешімі дереу күшіне енді. Екі жақтың да құпияны сақтау туралы өздеріне алған міндеттеріне сәйкес, сот шешім қабылдауға арқау болған уәждерді үшінші жаққа жарияламау туралы шешім шығарды.
XS
SM
MD
LG