Accessibility links

Обама мен Саркози Иран проблемасын талқылады


Барак Обама ядролық бағдарламасынан бас тартпаған Иранға қарсы жаңа халықаралық санкциялардың көп ай емес, бірнеше аптаның ішінде қабылданғанын қалайды. Өткен сейсенбі күні Вашингтонда француз президенті Николя Саркозимен бірге өткізген баспасөз-маслихатында президент Обама осылай деп мәлімдеді. Әйтсе де Обама санкция қолдануды бүкіл әлемнің қолдамай отырғанын мойындады.
АҚШ президентінің атап көрсетуінше, Иранның басқа жолды таңдауына мүмкіндігі болса да, Теһран ядролық бағдарламасынан бас тартатын сыңай байқатпайды және Ақ үйдің төзімі сарқылуға тақады.

Өз кезінде Н.Саркози ядролық қаруға қол жеткізу ниетімен Иран қисынсыз бәйгесін жалғастыруға тиіс емес. Бір шешімге келетін кез келді, - деп мәлімдеді.

АҚШ пен Франция президенттері Ақ үйдегі жабық бетпе-бет кездесуінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне Иранға қарсы санкциялар қабылдату мүмкіндігін талқылады. Б.Обаманың хабарлауынша, Саркози екеуі қаржы нарықтарын реттеу мен Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзді жалғастыру проблемаларын қозғады.
XS
SM
MD
LG