Accessibility links

АҚШ адмиралы Маллен Ауғанстанда жүр


АҚШ қарулы күштерінің Ауғанстанға келген бас қолбасшысы адмирал Майк Маллен Кандагар қаласын тәліптерден босату операциясының асқан маңыздылығын атап көрсетті.

АҚШ-тың қарулы күштерінің штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасы Кабулдағы баспасөз-маслихатында мәлімдегендей, бұл ауған үкіметінің ұлттық бітімге келу үшін көтерілісшілермен өткізіп жатқан келіссөзінде ресми биліктің абыройын салмақтай түседі.

Өткен сейсенбіде адмирал Маллен коалициялық күштердің тәліптерге қарсы ірі соғыс операциясы өтіп жатқан Гильменд өлкесіндегі Марджа қаласының әкімдігіне жолықты.

Жергілікті билік қауіпсіздіктің және қалалық қызметтердің жұмысын ретке келтіру мүмкіндігінің жоқтығына шағымданды.
XS
SM
MD
LG