Accessibility links

ЕО Сербия парламентінің қарарын құптады


Сребреницадағы мұсылман қырғыны үшін Сербия парламентінің кешірім өтінгенін Еуропа Одағы ықыласпен қабылдады.
Сербия парламенті 1995 жылы Сребреница қаласында ресми Белградтың одақтасы болған босниялық сербтердің Босния мұсылмандарын жаппай қырғаны үшін ресми түрде кешірім өтіну туралы қарар қабылдады.

Сейсенбі күні қас қарайғанға дейін жалғасқан қызу пікіртастың нәтижесінде депутаттардың көпшілігі 8 мыңдай босниялық мұсылман ері мен ұлын жаппай атып қырған оқиғаны айыптайтын қарарды қолдап дауыс берді.

Құжатта құрбандардың туыстарына көңіл айтылып, кешірім сұралады.

Қарарды осы аймақты татулыққа жеткізу мақсатында Сербияның билік басындағы коалициясына кіретін партиялар табанды түрде қолдап шықса, ұлтшыл оппозиция жалпы кешірім сұрау дегенге қарсы болды. Оппозицияның демократияшыл қанаты да Босния мұсылмандарын жаппай қыруды «геноцид» деп аталмауын моральге қайшы келеді деп санап ол қарарға қарсы дауыс берді.

Осыдан 3 жыл бұрын БҰҰ-ның Халықаралық соты Сребреницада геноцид актісі болды, ал оған жол бермеу үшін Сербия еш әрекет істемеді деген қаулы қабылдаған болатын.
XS
SM
MD
LG