Accessibility links

Мәскеу мен Кизлярдағы жарылыстар бір қолдың ісі


Ресей президенті Дмитрий Медведев Мәскеу мен Кизлярдағы жарылыстарды бір қолдың ісі деп атады. Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде сөйлеген сөзінде Медведев терроршылардың мақсаты елдің ахуалын бұзу, бірақ билік оған жол бермейді деп мәлімдеді.

Премьер-министр Владимир Путин де Дағыстанның Кизляр қаласындағы жарылыстарға Мәскеу метросындағы террорлық қастандықтарды ұйымдастырушылардың қатысы болуы мүмкін екенін теріске шығармады.

В.Путин сонымен қатар Кизлярдағы жарылыстың құрбандары мен жапа шеккендерге де Мәскеудегі көлемде көмек берілетінін хабарлады.

Тергеудің бастапқы тұжырымы бойынша, Кизлярдағы полицейше киініп жарылыстың бірін іске асырған адам – Дауд Жабраилов деген жергілікті тұрғын көрінеді. 2 жарылыс құрбандарының саны 12-ге дейін өсті. 20-дан астам кісі жараланды.
XS
SM
MD
LG