Accessibility links

Қазақстанда 1 сәуірден бастап жалақы мен шәкіртақы көтеріледі


Бүгіннен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы мен студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі. Осындай өзгерістер енгізілген 2010 жылдың бюджеті туралы заңға мемлекет басшысы наурыздың 29 күні қол қойды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында: «Өткен жылғы экономикалық оң өсім динамикасы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы мен студенттердің шәкіртақысын 3 ай ерте, яғни, 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап 25 пайызға өсіруге мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деген болатын.

Оған дейін Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов мемлекеттік сала қызметкерлерінің жалақысы үстіміздегі жылдың 1 шілдесінде көтеріледі деген еді.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың мәлімдеуінше, елде орташа жалақы мөлшері 2009 жылғы 43883 теңгеден биыл 54510 теңгеге көтерілмек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG