Accessibility links

Доку Омаров Мәскеу метросындағы жарылыстар үшін жауапкершілікті мойнына алды


Сәрсенбі күні шешен бүлікшілерінің жетекшісі Доку Омаров Мәскеу метросында болған шабуыл өзінің жеке бұйрығы бойынша ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Интернеттегі сайттардың бірінде таратылған бейнематериалда ол лаңкестік әрекеттердің биылғы жылы 11-ақпанда Ресей федералдық күштері жүргізген арнайы операцияға жауап екенін мәлім еткен.

Ол кезде Ингушетияда 18 бүлікшінің көзі жойылып, 5 бейбіт тұрғын жарақаттанған еді. Олардың төртеуі кейіннен ауруханада көз жұмды.

Одан өзге Доку Омаров Ресей аумақтарына шабуылдардың жалғаса беретінін мәлім етті.

Ал сәрсенбі күні таңертең Дағыстанның Кизляр қаласында болған лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Наурыздың 31-күні болған екі жарылыстың салдарынан 12 адам қаза болып, 23 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.
XS
SM
MD
LG