Accessibility links

Қырғызстанда кезекті оппозициялық басылым жабылып қалды


Қырғызстанда оппозициялық «Форум» газеті жабылып қалды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Басылым редакторы Ырыскелді Момбековтың сөзінше, «редакцияға Бішкектің Октябрь аудандық сот орындаушылары газет шығарылымын тоқтату туралы қаулы алып келген. Аудандық прокуратура наурыздың 30 күні басылымда жазылған мақала - «республиканың конституциялық құрылымын күштеп құлатуға шақырады» деп басылымның атына арыз түсірген.

Журналистер бұл айыптаулармен келіспей отыр. Олардың пікірінше, осылайша билік 7 сәуірге жоспарланған оппозиция жақтаушыларының жаппай митингісінің қарсаңында өзіне жағымсыз басылымдарды жауып жатыр.

Наурыз айында Қырғызстанда Азаттық радиосының қырғыз қызметінің жұмысы тоқтатылып, «Ачык саясат» және «Назар» оппозициялық басылымдары жабылып қалған болатын.
XS
SM
MD
LG