Accessibility links

Байқоңырдан ғарыш кемесі ұшырылды


Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМА-18» кемесі жүктелген «Союз-ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды.

Ғарыш кемесінің бортында ресейлік екі ғарышкер - Александр Скворцов пен Михаил Корниенко, американдық ғарышкер қыз Трейси Колдвелл-Дайсон бар.

Олар Халықаралық ғарыш станциясында жарты жыл болады. Бұл уақытта ғарышкерлер үш шаттл мен үш жүк кемесін қабылдайды, сондай-ақ екі мәрте ашық ғарышқа шығады деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG