Accessibility links

АҚШ және Қытай Иранның ядролық бағдарламасын талқылады


АҚШ президенті Барак Обама ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен Иранның ядролық бағдарламасын талқылады. Бір сағатқа созылған телефон әңгімесі барысында Обама қытай басшысын Иранды халықаралық міндеттерді орындату үшін күш біріктіруге шақырды.

АҚШ және Қытай басшылары соңғы уақыттары біршама салқын тартқан Вашингтон мен Бейжіңнің екі жақты қарым-қатынасын да талқылады.

Осының қарсаңында Қытай әлемдік қауымдастықтың Иранға қарсы енгізілуі мүмкін жаңа санкцияларын талқылауға келісімін бергендігі хабарланды.

Ху Цзиньтао ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша сәуір айында АҚШ-та өтетін халықаралық саммитке қатысады деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG