Accessibility links

Amnesty International Чавестің үкіметін сынады


Amnesty International ұйымы Венесуэла президенті Уго Чавестің үкіметін елде өзгеше ойлатындардың үнін өшіруге тырысуда деп айыптады.

Аталмыш топ Венесуэлада бұрынғы президенттік үміткер Освалдо Алварес Пас пен оппозициялық заңшығарушы Уилмер Азуае және телеарнаның басшысы Гиллермо Зулоаганың тұтқындалуын айыптап отыр. Amnesty International-дың айтуынша, бұл азаматтардың барлығы саяси себептермен қамауға алынған.

Уго Чавес бұл тұтқындауларды қорғап, Венесуэланың заңдарын бұзған кез келген азамат жауапқа тартылуы тиіс деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG