Accessibility links

Медведев елдегі шабуылдардан кейін партия басшыларымен кездесуде


Президент Дмитрий Медведев елдегі бірқатар шабуылдардан кейін бүгін парламенттегі негізгі партиялардың жетекшілерімен кездесуде. Партия басшылары елдегі жағдай мен 51 адамның өмірін қиып, шамамен 100 адамды жаралаған шабуылдарға жауап беру мәселесін талқылауды қалайтындарын айтқан болатын.

Сәрсенбі күні Дағыстанның Кизляр қаласында орын алған екі жанкештілік жарылыстан 12 адам, ал дүйсенбі күнгі Мәскеудегі шабуылдардан 39 адам құрбан болды. Медведев бейсенбі күні күтпеген жерден Дағыстанға барып, қауіпсіздік ресмилерімен және аймақ басшыларымен келіссөз өткізді.
XS
SM
MD
LG