Түркия өз елшісін Вашингтонға қайта жіберіп жатқанын хабарлады. Бұл туралы жұма күні премьер-министр Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.
Осыдан бір ай бұрын АҚШ конгресінің комиссиясы Осман империясы кезіндегі армяндардың жаппай өлтірілуін геноцид деп мойындаған соң Түркия бұған наразылық ретінде Вашингтондағы елшісін шақыртып алған болатын.
Арменияның айтуынша, 1915 жылы Осман империясы кезінде алдын-ала жасалған жоспар бойынша 1.5 миллионға жуық армян өлтірілген. Түркия болса сол кезде көптеген армянның қырылғанын мойындайды бірақ оны "геноцид" деп атаудан бас тартып отыр.