Accessibility links

Мәскеудегі шабуылдардан құрбан болғандардың саны 40-қа жетті


Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мәскеу метросындағы жанкештілік шабуылдардан құрбан болғандардың саны 40-қа жеткен. Жұма күні ауруханада 51 жастағы азамат қаза болған. Дүйсенбі күнгі шабуылдардан жарақат алған тағы 84 адам әлі ауруханада жатыр.

Ресей астанасындағы жарылыстарға байланысты жауапкершілікті шешен бүлікшілерінің жетекшісі Доку Умаров өз мойнына алып отыр.
XS
SM
MD
LG