Accessibility links

Азаттық радиосы Алматы бюросының бас редакторы қызметіне байқау жариялайды


Бас редактор жоғары кәсіби шеберлік деңгейінде журналистік үлгі көрсете отырып, Алматы бюросының жұмысын үйлестіреді. Бас редактор Азаттықтың Прагадағы редакциясымен күнделікті жұмыс барысын талқылап, ақпарат көздерін пайдалана алу үшін қазақ, орыс тілдерімен қатар ағылшын тілдерін де білуі тиіс.

Бас редактор оқиға,тақырыптарды қамтуда инновациялық тәсіл, бағыт-бағдар ұсынып, Азаттықтың Қазақстандағы тілшілері әзірлейтін барлық медиа үлгідегі материалдарға редакциялық бақылауды қамтамасыз етіп отырады. Алматы бюросының бас редакторы жергілікті саяси және журналистік ортада Азаттық радиосының атынан әрекет етеді.

Резюмені мына электронды адреске жолдауға болады: MagauinY@rferl.org
XS
SM
MD
LG