Accessibility links

Герман күштері ауған армиясының 6 сарбазын өлтірген


Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз провинциясындағы бақылау бекетінде орналасқан германиялық күштер бүлікшілер деп қателесіп, 6 ауған әскерін атып тастаған.

Құндыз провинциясының басшысы Мохаммад Омардың айтуынша, ауған армиясының сарбаздары Чарадарах ауданынан қайтып келе жатқанда өлтірілді.

Германия күштері бақылау бекетінен әскери емес көлікпен тоқтамай өтпекші болған бес ауғандықты атып өлтіргенін растады.

Ауғанстан солтүстігінде Германияның 4,500 жасағы бар.
XS
SM
MD
LG