Accessibility links

Француз телеарнасы Иранды сайтымызды құлыптады деп айыптады


Бүгін France-24 жаңалықтар агенттігі Иран интернет сайтымызды ашылмайтын етіп цензура орнатуда деп мәлімдеді.

БҰҰ-ның телекоммуникация агенттігі өткен аптада Иранды шетелдік хабар таратушы радио мен телестанцияларды тұншықтыруды тоқтатуға шақырған еді.

Француз, ағылшын, араб тілдерінде хабар тарататын France-24 жаңалықтар агенттігі кейінгі кедергілерді оппозициялық қозғалыс туралы тікелей эфирдегі хабарлармен байланыстырады.

Иран билігі өткен жылдың маусым айындағы президент Махмуд Ахмединежад қайта сайланған даулы сайлаудан кейін үкіметке қарсы шерулер етек алғаннан бері баспасөзді қудалап, көптеген журналисті қамауға алды.
XS
SM
MD
LG