Accessibility links

Пәкістандық күштер 30 бүлікшіні өлтірген


Пәкістан ресмилерінің хабарлауынша, бүгін елдің қауіпсіздік күштері Ауғанстанмен шекаралас Оракзай тайпалы аймағы маңында кемінде 30 бүлікшіні өлтірген.

Жергілікті үкімет өкілі Сами Улланың айтуынша, пәкістандық күштер қарулы қақтығыстан кейін сондай-ақ алты содырды қолға түсірген.

Пәкістанның қауіпсіздік күштері наурыздың ортасында Оракзай аймағында әскери операция жүргізген. Ол шайқастан бұл өңірде тұратын 10 мыңдай тұрғын Кохаттағы үкіметтік лагерге көшірілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG