Accessibility links

Ирақтың күрдтер партиясы бірігіп Талабаниді президенттікке ұсынбақшы


Ирақтың Күрдістан аймағының басшысы хабарлағандай, жаңа парламенттен орындар иеленген күрд партиялары бірігіп, Ирақ президенттігіне Жалал Талабаниді ұсынуға келісті.

Күрд партиялары сондай-ақ жаңа үкіметті жасақтауда басқа ирақтық партиялармен келіссөздер барысында өз ұстанымдарын біріктіруге келісіп отыр. Бұл туралы күрд блогының жетекшісі Массуд Баразани Арбилдағы кездесулерінен кейін айтты.

Өткен айда Ирақта өткен парламенттік сайлауда көп орынды бұрынғы премьер министр Айад Аллавидің блогы қазіргі үкімет жетекшісі Нури әл-Мәлики партиясынан басым түскен.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Ұлттық пантеон қажет пе?

XS
SM
MD
LG