Accessibility links

Бағдадтағы жарылыстан 20-дан көп адам қаза тапты


Бүгін Бағдадтың орталығында болған үш бірдей жарылыстан кемінде 20 адам қаза тауып, 30 шақты кісі жарақат алды.

Қуатты жарылыстардың бірі Бағдадтағы Иран елшілігінде болған. Алдыңғы мәліметтерге қарағанда, жарылысты көлікпен келген жанкешті жасаған. Тағы екі жарылыс тұрғын үй ауданы Мансұрда болды.

Осыдан бір күн бұрын Ирақта әскери киінген қарулы топ сүнниттік үш отбасының 25 адамын атып кеткен болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG