Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Өзбекстан президентімен кездеспек


Бүгін Ташкентте, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Орта Азия елдеріне сапары аясында Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен кездеседі.

Пан Ги Мунның бұл елге сапары, 2005 жылы Әндіжандағы үкіметке қарсы болған көтерілісті басу барысын әділ тексеруге қатысты БҰҰ баяндамасынан кейін болмақ. Ресми деректер бойынша, сол кезде 187 адам қаза болған, алайда оппозиция мен құқыққорғаушылар олардың саны бұдан әлдеқайда көп болғандығын айтады.

Жексенбі күні Пан Ги Мун Нүкіс қаласында болып, тікұшақпен Аралдың бір бөлігін көріп қайтты. БҰҰ бас хатшысы Арал теңізі ғаламшардағы экологиялық ең апатты аймақтардың бірі екендігін атап өтті.

Бұдан бұрын БҰҰ басшысы Түркменстан мен Қырғызстанда болған еді. Аталған мемлекеттердің басшыларымен кездесу барысында Пан Ги Мун оларды адам құқы мен сөз бостандығын сақтауға шақырды.
XS
SM
MD
LG