Accessibility links

Иранда бұрынғы президенттің немересі сот алдында жауап бермек


Иранда елдің бұрынғы президенті Акбар Хашеми Рафсанжанидің немересі сот алдында жауап бермек.

Хабарларға қарағанда, Хассан Лахути өткен айда шет елге сапарынан елге қайтып оралған соң ұсталған. Оған 2009 жылғы президенттік сайлаудан кейін оппозицияның өткізген наразылық акцияларына қатысты деген айып тағылуда.

ISNA агенттінің хабарлауынша, бүгінде бұрынғы президенттің немересіне қатысты тергеу материалдары сотқа жіберілген.
XS
SM
MD
LG