Accessibility links

БҰҰ басшысы: Өзбекстан адам құқықтарын сақтауы тиіс


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун Өзбекстанды адам құқықтары жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындап, елдің саяси жағдайын жақсартуға шақырды. Дүйсенбі күні Ташкентте студенттердің алдында сөйлеген сөзінде Пан Ги-мун Өзбекстан қинап-азаптау мен азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық келісімдерге қол қойған деп атап көрсетті. Оларды толық жүзеге асыруға уақыт келді деді БҰҰ басшысы. Ол нақты проблемаларды атап өтпеді.

Таяуда БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша комитеті Өзбекстанға қатысты баяндамасын жариялап, 2005 жылғы Әндіжан оқиғаларын зерттеуге шақырды. Оппозиция мен құқық қорғаушы топтардың айтуынша, 2005 жылдың мамыр айында Әндіжанда үкімет күштері наразылық танытушыларға оқ атып, жүздеген адамды өлтірген. Бірақ билік орындары мұны жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG