Accessibility links

Иран президенті парламенттен субсидияларды қысқартуды сұрады


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад заңшығарушыларды үкіметтің субсидияларды 40 миллиард долларға қысқарту жөніндегі ұсынысын қайта қарауға шақырып отыр. Мемлекеттік радионың хабарлауынша, Ахмадинежад осы мәселеге байланысты ынтымақтастық танытуды өтініп, парламентке хат жолдаған.

Өткен айда парламент Ахмадинежадтың субсидияларды азайту туралы ұсынысының тек жартысын қамтитын мемлекеттік бюджетті мақұлдады. Сарапшылардың айтуынша, Ахмадинежад субсидияларды қысқарту арқылы Иранды жанар-жағармай импортына енгізілуі мүмкін санкциялардың әсерінен қорғауды көздеп отыр.

Парламент спикері Али Ларижанидің айтуынша, үкімет пен парламент субсидиялық реформаларды қарайтын бірлескен комитет құрмақшы.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG