Accessibility links

"Жас алашқа" шабуылдаған қытайлық 5 күнге қамалды


Алматы қалалық ауданаралық әкімшілік соты "Жас алаш" басылымының ғимаратына ойран салған Қытай азаматы Ян Шаолянды 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Прокурор Қытай азаматын 10 тәулікке қамауды талап еткен болатын.

Басылым редакциясы сот шешіміне қанағаттанбай отыр. Олар Қазақстандағы Қытай елшілігі мен Қазақстанның көші-қон полициясына Ян Шаолянды елден шығару туралы хат жазбақшы.

Өткен аптада Қытай азаматы «Жас Алаш» газеті ғимаратының есік-терезесін сындырып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG