Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан 19 адам опат болды


Пәкістанның солтүстік-батысында саяси шеру барысында жанкешті деп күдіктелген бір кісі өзін-өзі жарып жіберіп, кемінде 19 адамды өлтірді. Бұл шабуылдан сондай-ақ 100-ден астам адам жараланды.

Лоуер Дир ауданының Тимаргарах аймағындағы жарылыс биліктегі "Ауами" ұлттық партиясының шеруі барысында болған. Аталмыш партия исламшыл бүлікшілерге қарсы шабуылдарды қолдап келген.
XS
SM
MD
LG