Accessibility links

Петреус: АҚШ-тың Өзбекстанда әскери база ашу жоспары жоқ


Дүйсенбі күні Астанада Қазақстанның қорғаныс министрі Әділбек Жаксыбеков пен АҚШ орталық күштерінің қолбасшысы генерал Дэвид Петреус кездесіп, екі ел арасындағы бесжылдық ынтымақтастық жоспарына қатысты келіссөздер өткізді. Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық жоспарына сәйкес, қазақстандық күштердің АҚШ әскери академияларында жаттығудан өтуі үшін 10 миллион доллар бөлінген.

Сонымен қатар генерал Петреус Астанада брифинг өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, АҚШ Өзбекстанда әскери база ашуды жоспарлап отырған жоқ. Петреус Қазақстаннан кейін Өзбекстанға барады.
XS
SM
MD
LG