Accessibility links

Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайды


Қазақстан үкіметінің қаулысына сәйкес, фильтрлі темекінің бөлшек саудадағы бағасы қымбаттайтын болды.

Бұдан былай ұзындығы 45-85 миллиметрлік темекінің бағасы 60 теңге болмақ, бұрын ол 40 теңге тұрған еді. Ал осыған дейін құны 50 теңге болып келген ұзындығы 87,1-160 миллиметрлік темекі енді 70 теңге тұратын болады.

Үкімет қаулысы сейсенбі күні жарияланды. Осы күннен бастап жиырма күн өткеннен кейін қаулы заңды күшіне енеді.
XS
SM
MD
LG