Accessibility links

Ауған президенті айрықша мәлімдеме жасады


Өткен дүйсенбі күні Ауғанстан парламентінің бірнеше мүшесі мәлімдегендей, президент Хамид Карзай егер реформаларды жеделдету талабымен өзіне қысым көрсету жалғаса беретін болса, онда саяси процестен шығып, «Талибан» қозғалысына барып қосыламын деп қорқытқан көрінеді.

Шығыстағы Нангархар өлкесінен сайланған депутат Фарук Маренай өзара әңгіме үстінде Карзай тәліптерге қосылуының мүмкін екенін айтып қалды деп мәлімдеді. Қалған екі депутат та президенттің ондай сөздерін талай рет айтып жүр дегенді қосты.

Хабарға қарағанда, Х.Карзай мұндай айрықша мәлімдемесін сенбі күні депутаттармен өткізген жабық кездесуінде айтқанға ұқсайды.
XS
SM
MD
LG