Accessibility links

Мәскеу стратегиялық келісімнен шығу құқын сақтайды


Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Кремль Ақ үймен арадағы жаңа ядролық келісімнен «шығу құқын» сақтайтынын мәлімдеді. АҚШ пен Ресей арасындағы стратегиялық қару түрлерін қысқару туралы жаңа келісімге таяу арада қол қойылуға тиіс.

8 сәуір күні Прага қаласында қол қою жоспарланған жаңа келісімге сәйкес, Ресей мен АҚШ-тың әрқайсысы ядролық оқтұмсықтарын 1.550-ге дейін қысқартуға міндеттенеді.

С.Лавровтың мәлімдеуінше, Вашингтонның зымырандық шабуылдан қорғану жүйесінің элементтерін Еуропаға орналастыру жоспарына Ресей өз бағасын береді. АҚШ-тың бұл жоспары соңғы жылдары Кремль мен Ақ үйдің қарым-қатынасын біршама салқындатты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG