Accessibility links

Бағдадта бір сәтте 6 жарылыс болды


Ресми билікті сілтеген баспасөз агенттіктерінің хабарлауынша, Бағдад қаласындағы жарылыстардың құрбандары 28-ге жетті, 70-тен астам адам жараланды.

Соңғы мәліметке қарағанда, сейсенбіде Ирақ астанасында бір сәтте 6 жарылыс болып, негізінен шийт мұсылмандары тұратын кварталдардағы тұрғын үйлерге зиян келді.

Бұл жарылыстар Бағдадтағы 40-тан астам адамның қазасына себеп болған жанпидашыл-содырлар іске асырған 3 террористік қастандықтан 3 күн өткенде болып отыр.

Қастандықтар Ирақтың жаңа үкіметін жасақтау үшін келіссөз өтіп жатқан сәтте өршіп тұр.
XS
SM
MD
LG