Accessibility links

Венесуэла колумбиялық тыңшыларды ұстағандығын мәлімдеді


Венесуэла үкіметі Колумбияның пайдасына әрекет жасауды көздеген сегіз колумбиялық азаматты ұстағандарын мәлімдеді.

Венесуэла Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, колумбиялықтар елдегі энергетика саласының жағдайына қатысты ақпарат алмақ болған. Венесуэла президенті Уго Чавестің айтуынша, ұсталғандардан елдің электростанияларының фотосуреттері табылған.

Колумбия жағы бұған қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Дегенмен бұл жағдай екі ал арасындағы онсыз да мәз емес байланысты ушықтыруы мүмкін.
XS
SM
MD
LG