Accessibility links

Иран түрмелерінде кемінде 35 журналист қалды


Журналистерді қорғайтын халықаралық комитеттің мәліметі бойынша, Иран түрмелерінде баспасөз құралдарының кем дегенде 35 қызметкері қалды.

Адамның құқын қорғаушы халықаралық ұйым, өзінің ақпары бойынша, тұтқында отырғандардың көбі азапталады деп алаңдайды. Аталған комитеттің хабарламасында атап көрсетілгендей, олар өздері істемеген қылмыстарды мойындарына алуға мәжбүр болады.

Иранда оппозиция қайраткерлері мен адамның құқын қорғаушылардың жаппай тұтқындалуы - өткен жылдың маусым айында Махмуд Ахмадинеджадтың президент болып қайта сайлануымен тікелей байланысты болды.
XS
SM
MD
LG