Accessibility links

Ақ үй ауған президентін Вашингтонға жібермеуі мүмкін


Егер Ауғанстан президенті Хамид Карзай Батыс елдерін айыптауын қоймайтын болса, онда АҚШ әкімшілігі оның Вашингтонға баратын сапарын тоқтатуы мүмкін.

Ақ үйдің ресми өкілі Роберт Гиббс президент Карзайдың таяуда Ауғанстандағы президент сайлауының нәтижесін бұрмалауға Батыс елдері кінәлі деген сөзін әділетсіздік деп атады.

Гиббстің сөзіне қарағанда, ауған президентінің Вашингтонға 12 мамырға жоспарланған сапарының қаншалықты оң нәтиже бере алатынын бағалау үшін ресми Ақ үй Карзайдың әрбір мәлімдемесі мен олардың салдарын мұқият бақылайтын болады.
XS
SM
MD
LG