Accessibility links

Қазақ президенті Бас хатшыны орденмен марапаттады


Сәрсенбі күні Пан Ги Мун мен Назарбаев Астанада ресми Ақорданың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері мен халықаралық проблемаларды талқылады.

Келіссөздің соңында Қазақстан президенті Н.Назарбаев Пан Ги Мунды бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бас хатшы қазақ марапатын бейбітшілікті кеңейтуге, әділдік пен тұрақты дамуға қосқан ерекше үлесі үшін алған көрінеді.

Н.Назарбаев Ресей мен АҚШ-тың стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы жаңа келісімге алдағы уақытта қол қоюы ядролық қарусыз әлем құру мүмкін деген үміт туғызатынын айтты.
XS
SM
MD
LG