Accessibility links

Қырғызстанда толқуларда кемінде 30 адам қаза болды


Оппозицияны қолдаушылардың жаппай наразылық толқыны жалғасқан Қырғызстаннан қауіпсіздік қызметкерлерімен қақтығыстарда қаза тапқандардың саны туралы қарама-қайшы жаңалықтар келіп жатыр.

Ресми ақпар бойынша, кемінде 30 адам қаза болып, 180-нен астам кісі жараланды. Оппозиция мен адамның құқын қорғаушылардың мәлімдеуінше, 40 адам көз жұмып, 200-ге тарта кісі жараланды.

Тілшіміздің хабарлауынша, шерушілер мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің кеңсесін басып алды. Тергеу абақтысынан тұтқындар босатылды.

Оған қоса Қырғызстан парламентінің ғимараты қиратылып, Бас прокуратураның кеңсесі өртелді.

Ұры-қарылар кеңселердің мүліктері мен техникаларын тасу үстінде. Көшелерде атыс естіледі.

Қырғыз оппозициясы президент Құрманбек Бәкиевті жемқорлыққа батып, баспасөз бостандығын тұншықтырды, әлеуметтік саланы құлдыратты деп айыптап, биліктен кетуін талап етуде.

Президент Бәкиевтің өзі қайда жүргені белгісіз. Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев Құрманбек Бәкиевті биліктен өз ықтиярымен кетуге шақырды.
XS
SM
MD
LG