Accessibility links

Қазақ-қырғыз шекарасы күшейтілгені туралы хабарланды


Астана Қазақстан азаматтарының Қырғызстанға шығуына уақытша тыйым салып отыр, шекарадағы бақылау күшейтілген режимге көшірілді. Бұл туралы хабарлаған бірқатар ақпарат агенттіктері Қазақстанның ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап отыр.

«Қазіргі таңда шекара күшейтілген режимге көшті. Одан өзге, қазақ-қырғыз шекарасында азаматтардың барып-келуін шектейтін тәртіп орнатылды. Азаматтардың өздерінің қауіпсіздігі үшін олар Қырғызстанға жіберілмей отыр», - делінген таратылған ақпаратта.

Бейсенбі күні ҰҚК-нің баспасөз қызметіндегілер Азаттық тілшісіне бұл ақпарат жайлы ешқандай мәлімет бере алмайтындығын айтты.
XS
SM
MD
LG