Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында нөсер жауынның салдарынан болған лай көшкіні мен су тасқыны құрбандарының саны 133 адамға жетті.
Жергілікті үкімет құрбан болғандардың саны әлі де артуы мүмкін екенін айтуда. Құтқарушылар із-түзсіз жоғалған ондаған адамдарды іздестіруде.
Рио-де-Жанейроның маңындағы Нитерой елді мекеніндегі 40-қа жуық тұрғын үйді лай көшкіні басып қалды. Оның астында кем дегенде 60-қа жуық адам қалып отыр.
Рио-де-Жанейрода осымен төртінші тәулік бойы нөсер жаңбыр жауып жатыр. Ауа райын болжаушылардың мәліметтері бойынша, жауған жаңбырдың мөлшері соңғы 44 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетіп отыр.