Қырғызстандағы толқулар барысында қаза болғандардың арасында Қазақстан азаматы бар деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов. Бейсенбі күні журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Абдрахманов Жамбыл облысының Мерке ауылында тұрған Илья Шиян деген азамат Қырғызстанда қаза тапты деп хабарлады.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Шиянның отбасына көңіл айтты.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Шиянның отбасына көңіл айтты.