Accessibility links

"Талибан" ұрланған американдықтың бейнетаспасын көрсетті


Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы өткен жазда ұрланған АҚШ сарбазының бейнетаспасын жариялады. Бейнетаспада Боу Бергдал Айдахо штатындағы өзінің үйі мен отбасына оралғысы келетінін айтқан. Ол сондай-ақ Ауғанстандағы соғыс елдегі болып жатқан адам шығынын ақтамайды деген. Сонымен қатар видеода өзін Талибан баспасөз хатшысымын деп таныстырған бір кісі Бергдалдың азат етілуі үшін алдымен түрмедегі бірқатар тәліптер босатылуы тиіс деген.

Бой Бергдал 2009 жылдың маусым айында Ауғанстанның шығысында із-түссіз жоғалып кеткен болатын. АҚШ әскерилері бұл бейнетаспаның түпнұсқа екенін растай алмады.
XS
SM
MD
LG