Accessibility links

Обама мен Медведев жаңа келісімге қол қойды


АҚШ пен Ресей президенттері ядролық қаруларды азайту жөніндегі жаңа келісімге қол қойды. Барак Обама мен Дмитрий Медведев бейсенбі күні Прагада кездесіп, 1991 жылғы Стратегиялық қаруларды қысқарту туралы келісімнің орнын басатын құжатқа қол қойды.

Оған сәйкес, екі елдегі ядролық оқтұмсықтардың санын алдағы жеті жылдың ішінде 1550-ге дейін үш есеге азайтуды қысқарту көзделген, яғни олардың саны бұған дейінгі келісімге қарағанда бір үшемге қысқармақ.

Қазір Ресей мен АҚШ әлемдегі ядролық қарудың 95 пайызына ие болып отыр.
XS
SM
MD
LG