Accessibility links

Грузия аймағында Қазақстан астығына арнап қойма салынбақ


Бүгін үкіметте өткен келіссөздер барысында Қазақстан астығы үшін Грузия аймағында арнайы қоймаларды құру мәселесі қаралды. Бұл туралы Грузия премьер-министрі Николоз Гилаури қазақстандық әріптесімен келіссөздер жүргізгеннен кейін мәлімдеді.

«Кездесу барысында біз энергетика, Қазақстанның өнімін Әзірбайжан және Грузия арқылы тасымалдау мәселесін, сондай-ақ болашаққа негізделген бұдан кейінгі жобаларды талқыладық. Атап айтқанда, қазақ астығы үшін Грузия аумағында арнайы қоймаларды құру мәселесі сөз болды», - деп атап өтті Грузия премьер-пинистрі.
XS
SM
MD
LG