Accessibility links

Польша: Ресей "Катынь қырғынына" қатысты құжаттарды жариялауы тиіс


Польша парламенті Ресейді Екінші дүниежүзілік соғысында Совет үкіметінің құпия полициясы өлтірген поляк офицерлеріне қатысты барлық құжаттарды жариялауға шақырып отыр. Бұл туралы "Катынь қырғынының" 70 жылдығына арналған декларацияда айтылды.

1940 жылы Катынь орманында 22 мың поляк азаматы өлтірілген болатын. Польша заңшығарушыларының айтуынша, сәрсенбі күні Катынь оқиғаларының құрбандарын еске алу шарасына Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің қатысуы "маңызды қадам" болған.
XS
SM
MD
LG