Accessibility links

Отунбаева: Бәкиевпен келіссөз өткізбейміз


Қырғызстандағы өзін-өзі жариялаған үкіметтің басшысы Роза Отунбаева орнынан кетірілген президентпен келіссөз өткізу жоспарымыз жоқ деп мәлімдеді. Отунбаева осы аптада саяси толқулар барысында қызметінен қуылған президент Құрманбек Бәкиевтің отставкаға кетуін талап етті.

Елдің оңтүстігіне қашып кеткен Бәкиев қарсыластарымен келіссөз өткізуге дайын екенін айтып, биліктен бас тартпайтынын мәлімдеді.

Жұма күні уақытша үкіметтің делегациясы экономикалық көмек сұрау үшін Мәскеуге аттанды.

ЕуроОдақ сыртқы саясат басшысы Кэтрин Эштон Қырғызстандағы дағдарысты жеңілдетуге көмектесу үшін бұл елге сенбі күні өзінің арнайы өкілін жіберетінін хабарлады. Бішкектегі АҚШ елшілігі бүгін жабылып, халықты тыныштыққа шақырды. Қырғызстанда толқулар барысында құрбан болғандарға байланысты аза тұту күндері өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG