Accessibility links

Бангкоктегі наразылықтар қақтығысқа ұласты


Бүгін Таиланд астанасында жаңа сайлаулар өткізуді талап еткен үкіметке қарсы шерушілер мен армия күштері арасындағы атыстар болды.

Армия ресмилерінің айтуынша, шерушілермен қақтығыста екі әскер қаза тапты. Жедел жәрдем қызметтерінің хабарлауынша, Бангкоктың ескі ауданы Пан Фах көпірі жанындағы қақтығыстан жараланған 33 адам ауруханаға түскен.

Қызыл киінген шерушілер әскери төңкеріспен биліктен құлатылған бұрынғы премьер-министр Таксин Шинаваттың жақтастары.
XS
SM
MD
LG